Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әділбек Жақсыбеков министрліктердің штатын қысқартуды ұсынды

Әділбек Жақсыбеков министрліктердің штатын қысқартуды ұсынды
Астана. 28 қазан. 7kun.kz - ҚР  Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков ұзақ уақыт бойы бос орындарды ұстап, жұмысқа адам алмай жатқан министрліктерді сынға алды. Оның ойынша, аталған мемлекеттік органдар резервте бар адамдарды қызметке қоюға асықпаса, ондай ведомствоның штатын қысқартуға әбден болады деп жазады ҚазАқпарат. "Маған түскен ақпаратқа сәйкес, "А" корпусындағы ваканттық қызметтерге адам тағайындау жұмысы дұрыс жүргізілмейді. Резервтің барына қарамастан, 16 лауазым әлі де бос тұр. Төрт ай бойы алты бірдей министрлікте 8 комитеттің төрағасы әлі тағайындалмай отыр. Ал осы қызметке үміткер 39 адам бар", - деді Ә.Жақсыбеков. Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет саласында мамандардың жиі ауысуы -  басты проблемалардың бірі. Соған қарамастан, қаржы министрлігінде 970 қызмет орны бос тұрса, ұлттық экономика министрлігінде - 900-ден астам, ал ауыл шаруашылығы министрлігінде 280 қызметке әлі адам ала қоймаған. Облыстық және аудандық әкімдіктерде де солай болып тұр. "Негізі, бос тұрған жұмыс орындарының көптігі, басшылардың жиі ауысуы мемлекеттік қызмет аппаратының жұмысына кері әсерін тигізіп отыр. Бізге осыны жан-жақты зерделеп шығу қажет. Қазіргі жағдайға не себеп болды? Неге ол орындар бос тұр? Бәлкім, сол министрліктердің штатын қысқартамыз. Соның арқасында біраз ақшаны үнемдеуге болады", - деп атап көрсетті Президент Әкімшілігінің басшысы.

Похожие материалы