Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Димаш Құдайберген: «22 сәуір күні сіздерге тікелей эфирде тосын сый бар»

Димаш Құдайберген: «22 сәуір күні сіздерге тікелей эфирде тосын сый бар»

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде «Singer» байқауының гала-концертіне қатысатынын жариялады. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

«...Менің жанкүйерлерім! #TheSinger жобасының 22 сәуір күні тікелей эфирде дайындаған тосын сыйы бар сіздерге! Дәл осы күні Сіздермен Гала концертте кездесемін! Жобаның аяқталғанына уайымдап жүрген жанкүйерлерім үшін бұл тағы бір ұмытылмас күн боларына сенімдімін! Әдемі ән тыңдап, жоба қатысушыларымен тағы бір мәрте жүздесе аласыздар!!! Кездескенше!», - деп жазды ол Инстаграмдағы парақшасында.

Dear менің жанкүйерлерім! #TheSinger жобасының 22 сәуір күні тікелей эфирде дайындаған тосын сыйы бар Сіздерге! Дәл осы күні Сіздермен Гала концертте кездесемін! Жобаның аяқталғанына уайымдап жүрген жанкүйерлерім үшін бұл тағы бір ұмытылмас күн боларына сенімдімін! Әдемі ән тыңдап, жоба қатысушыларымен тағы бір мәрте жүздесе аласыздар!!! Кездескенше! ❤️ #DQ #TheSinger #TheSingerDimash #changsha #Dears #dimash #dimashkudaibergen

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Еске салсақ, Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық Хунань телеарнасының «Singer 2017» ән байқауының ақтық бәсекесінде екінші орынды жеңіп алды. Гонконг қаласының тумасы Лин Илиан (Sandy Lam) бірінші орынға, ал тайваньдық "Арыстан" (Lion) тобы үшінші орынға қол жеткізді. Өнер додасы 15 сәуір күні мәресіне жеткен болатын. Сондай-ақ, танымал Hunan TV телеарнасы Қытайда ғана емес, бүкіл әлемдегі миллиондаған жанның көзайымына айналған дарынды әнші Димаш Құдайберген туралы деректі фильм түсіріп, көрермендер назарына ұсынғаны мәлім болды.

Похожие материалы