Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Димаш Құдайберген жаңа клипінің үзіндісін жариялады

Димаш Құдайберген жаңа клипінің үзіндісін жариялады

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде «Бір аспанның хикаясы» атты бейнебаянының тизерін бөлісті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Әнші бұл туындының тұсаукесері 24 қыркүйекте Алматыда фан-кездесу кезінде өтетінін айтты. Әншінің 12 минуттық жаңа туындысы ғаламшардағы адамдардың бірлігіне арналған.

«Біз бәріміз нәсілге, ұлтқа, дінге бөлінгенмен, бәріміз бір ғаламшардың балаларымыз және бір аспанның астында өмір сүріп жатырмыз. Өмір – ең жоғары құндылық... Біздің ғаламшардың болашағы, адамдардың болашағы өз қолымызда, бүкіл әлемде тыныштық болсын. Біз – бір үйдің, бір жердің, бір аспанның балаларымыз», - деп жазды Димаш әлеуметтік желіде.

Клипті 24 қыркүйектен бастап тамашалауға болады.

Айта кетейік, бұған дейін де әртістің жеке концерті 23 қыркүйекте Алматыда өтеді.

https://www.youtube.com/watch?v=MbqtFBk7kq0

Похожие материалы