Экономика
Disney рекордты көлемде пайда тапты
Алматы. 9 қараша. 7kun.kz - The Walt Disney Company-дің таза табысы 2018 жылдың қорытындысы бойынша (29 қыркүйекте аяқталды) жылдық мәнде 40%-ға артты. Жалпы табысы 12,59 млрд долларды құрап, рекордтық көрсеткішке жетті, делінген компания хабарламасында. 2017 жылдың қорытындысы бойынша компания 8,9 млрд доллар таза пайда тапты.
2018 қаржы жылының IV тоқсанындағы компанияның таза табысы жылдық мәнде 33%-ға артты.
"Біз 2018 жылдағы көрсеткіштерімізге өте ризамыз, оның қорытындысы бойынша біз түсім, таза пайда мен акцияға пайда көрсету жағынан рекорт жасадық", - делінген хабарламада.
Disney-дің ірі бөлімшесіндегі кабельдік бизнестің операциялық табысы жылдық мәнде 4%-ға өсіп, 1,5 млрд долларға дейін жетті. Ал тақырыптық парктер бөлімшесінің операциялық пайдасы жылдық мәнде 11%-ға артып, 829 млн долларға дейін жетті. Disneyдің кинобизнес табысы «Құмырсқа-адам мен Ара» және "Супержанұя 2" туындылары экранизациясының табысы есебінен 596 млн долларды құрап, екі есе өсті.