Астана. 3 сәуір. 7kun.kz - Дизель отынының акциздік алымы тоннасына 940 теңге деңгейінде қалды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.
«2017 жылдың 20 наурызынан бастап Шымкент зауытына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда зауытты жаңғыртудың бірінші кезеңі бойынша негізгі жұмыстар аяқталады. Көлем тұрғысынан алып қарағанда, мұнай өнімдері нарығында тапшылық туындау тәуекелін көріп отырғанымыз жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда біздің дизель қорымыз 2016 жылғы қордан 100 мың тоннаға артық», - деді Әсет Мағауов.
Оның айтуынша, үкімет 1 сәуірден бастап акциздің 930 теңгеге қымбаттауына жол берген жоқ. Мұндай шара осы жылдың сәуірі мен мамыр айларында дизель отынын жөнелту барысында бағаның көтеріліп кетпеуі үшін жасалып отыр. Акциз тоннасына 940 теңге дейінде сақталатын болады.
Сонымен қатар вице-министр мұнай өнімдері нарығындағы ахуалдың тұрақты екенін айтты. Зауыттардан бензин мен дизель отынын жіберу тұрақты негізде жүзеге асырылып жатыр. Ол Ресей тарапынан АИ-92 маркалы бензинді жеткізу барысында да тәуекелдер байқалмайтынын мәлімдеді.