Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚДКБҚ «Қазинвестбанк» АҚ салымшыларына арналған ақпарат таратты

ҚДКБҚ «Қазинвестбанк» АҚ салымшыларына арналған ақпарат таратты

Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік берілген өтемді төлейді. Бұл«Қазинвестбанк» АҚ-ны  мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шыққан жағдайда жүзеге асырылады деп хабарлайды ҚДКБҚ.

Қордың хабарлауынша теңге және шетел валютасындағы депозиттер, төлем карталарындағы ақша және банк шоттары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігімен қорғалған. Кепілдіктің ең жоғары мөлшері: ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңге, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге. «Қазинвестбанк» АҚ есебінен жүріп отырған сыйақы мөлшерлемесі өтелмейді, тек қана негізгі сомаға кепілдік берілген. Егер банкпен болған салым келісімшартында сыйақыны капиталдандыру көзделсе, онда ол кепілдік объектісі ретінде қор тарапынан өтелетін болады делінген ҚДКБҚ хабарламасында. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде ҚДКБҚ, жұмыс істеп тұрған қазақстандық банктер ішінен агент-банкті таңдап жариялайды және аталған агент-банк "Қазинвестбанк" АҚ салымшыларына өтемді төлеуді және есеп айырысу бастайды. ҚДКБҚ таңдалған агент-банкті жарияланғаннан кейін, салымшылар аталған банктің бөлімшелеріне барып кепілдік берілген өтемді төлеу туралы арыз жазады. Құжаттар агент-банкке келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей агент-банкпен өтемді төлеу іске асырылады. ҚДКБҚ салымшыларға одан ары қарайғы жағдайды БАҚ арқылы хабардар етеді. Салымшылар депозиттерге кепілдік беру туралы қосымша ақпаратпен және заңнамамен www.kdif.kz арқылы таныса алады. Мамандардың кеңесін Шұғыл байланыс арқылы 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін) немесе +7 (7272) 915-689 телефон нөмірі арқылы алуға болады. Барлық қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша +7 (727) 330 00 77 «жедел желі» телефоны бойынша, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 278 80 84 телефоны бойынша өтініш жасауға болады.

Похожие материалы