Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Dolce&Gabbana - итальяндық сән тарихы

Dolce&Gabbana - итальяндық сән тарихы

Танымал украин әртісі Вера Сердючканың ел құлағында жаттылып қалған бір әні бар, ол жылдар өтсе де ұмытылмай келеді:

Я иду такая вся в Дольче & Габбана.
Я иду такая вся, на сердце рана
Слёзы душат-душат, я в плену обмана
Но иду такая вся в Дольче & Габанна.

Әнге арқау болған, жоғары сапалы киімдер бренді таныс па? "Dolce & Gabbana" - ХХ ғасырдың соңында сәнге өзіндік стилімен кірген жас бренд, аз ғана уақыттың ішінде қымбат, қалталылар мен жұлдыздар ғана киінетін дүкендер желісіне айналды. Бүгін, 7kun.kz Мадонна, Уитни Хьюстон, Моника Беллуччи, Лео Месси, Бейонсе таңдаған брендтін тарихына тоқталады.

Кім ойлап тапты?

Dolce & Gabbana (Дольче және Габбана) - итальяндық люкс класты сән үйі, Доменико Дольче мен Стефано Габбананың ортақ бизнесі.

Фото: isroe.co.il

Доменико Дольче - Сицилияда, Полицци-Дженерозда 1958 жылдың 13 тамызы дүниеге келді. Бала кезінен киім әлемімен таныс. Әкесі Альфонсо Дольченің шағын тігін шеберханасы болды, ал анасы іш киім дүкенінде басқарушы ретінде жұмыс істеді. Жеке бизнестері болғанымен, отбасының табысы аз болды.

Доминико алты жасынан бастап тігіншілік қасиетін дамыта бастады. Алғашқыда қуыршақтар киімінен бастаған ол, мектеп бітіруге таяғанда пиджактің жеңдерін тас қараңғыда да тіге алды. Кішкентай кезінен қолының ептілігі байқалған баланы жұрт "Тігін ісінің Моцарты" деп атады.

Фото: elle.mx

Доменико Дольче Палермо көркемсурет колледжінде оқыды. Оны аяқтағаннан кейін жігіт миландық Марангони институтына түсті. Диплом алып, тігін ательесінде жұмыс істеді. Осы кезеңнен бастап оның өмірінің жаңа парақтары ашылды.

Стефано Габбана 1962 жылы 14 қарашада Италияның астанасы Миланда дүниеге келген. Миландағы танымал стилистің ұлы. Стефано тұрмысы жақсы отбасында өсті. Сондықтан ол сәнді киінуге құмар болды. Астанадағы ең қымбат әрі люкс санатты киім дүкендерінде шоппинг жасады.

Фото: www.woman.ru

Жас дизайнер бала кезінен сурет салуды ұнатқан. Бұл оның шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырады. Ол көркемсурет колледжінің графика және дизайн бөлімін "креативті директор" мамандығы бойынша бітірді. 18 жасында Стефано ательеде жұмыс істеді.

80-ші жылдар - тағдыр таныстығы және брендті қалыптастыру

Доменико Дольче мен Стефано Габбана 1980 жылы Миландағы Джорджио Коррегиаридің шағын ательесінде танысты. Бұл жерде екеуі де ассистент қызметін атқарды. Алғашқы күннен-ақ олар бір-бірімен тез тіл табысты, оған шығармашылық пен өнерге деген бірдей көзқарас себеп болды.

Жас тігіншілер өздеріне қажетті тәжірибе алған соң сән индустриясына жаңа дем беруді қалайды. Алғашқыда әркім өзінің жеке бренді аясында бөлек жұмыс істейді. Бірақ 1982 жылы Доменико мен Стефано серіктес болуға шешім қабылдайды. Осы жылы серіктестер Миланның қақ ортасынан бірлескен кішкентай студияны ашады, өзінің алғашқы коллекцияларын жасайды және қаржыландырады. Олардың алғашқы коллекциясының таныстырылымы елордадағы бір кафеде өтеді.

1985 жылы дизайнерлер Milano Collezioni көрсетіліміне жас дарындар аталымында қатысуға ұсыныс алады. Серіктестер Real Woman ("Нағыз әйел") топтамасын көрсетеді, ерекшелігі - әдемі, күшті, сенімді, бірақ модельдік стандартқа сай емес дене-бітімдегі сұлуларға арналған киім үлгілері. Осы көрсетілімде бірінші рет Dolce&Gabbana маркасы таныстырылды. Коллекция сыншылардың жоғары бағасын алғанымен, коммерциялық табыс әкелмейді. Бизнес тығырыққа тіреледі. Габанна келесі коллекцияға арналған маталарды кері қайтарады.

Фото: theredlist.com

Рождестволық мерекелер кәсіпке жаңа мүмкіндік береді. Мата өндіруші компания тапсырыстың күшін жою туралы хабарламаны алмайды, сондықтан серіктестер жаңа коллекцияны әзірлеуді бірден қолға алды.

1986 жылы дизайнерлер Real Woman-ның жаңа топтамасын шығарды. Осы жылы Милан тұрғындары Dolce & Gabbana бірінші фирмалық дүкенінен киім сатып алуға мүмкіндік алды.

1987 жылы Dolce & Gabbana компаниясының Миланда шоу-румы ашылды. Сондай-ақ трикотаж желісі іске қосылды.

1988 жылы ұсынылған төртінші топтама алғаш рет итальяндық сән нарығына айтарлықтай әсер етті. Бұл жинақта Дольче өзінің сицилиялық иірімдерін пайдаланды. Нидерландия моделі Марпесса Хеннинк бренд-амбассадор болды. Ақ-қара түсті суреттерді фотограю Фердинандо Шанн Сицилияда түсірген. Бұл жарнамалық науқан 1940 жылдардағы киноматографияны еске салды.

Фото: wiki.wildberries.ru

Бесінші топтамасында дизайнерлік дуэт шабыт көзі ретінде итальяндық киноны пайдалануды жалғастырды. Олардың жұмысына режиссер Лукино Висконтидің "Леопард" туындысы ерекше үлес қосты.

1988 жылы компанияның киімдері шетел нарықтарында сатыла бастайды. Алғашқы болып жапондық Onward Kashiyama group ынтымақтастыққа ұсыныс білдіреді. Кейінірек қаржылық қолдауды Genny group да ұсынады. Бұл Миланда, Сингапурда, Гонконгта, Сеулде бутиктер ашуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, осы жылдың қазан айынан бастап Dolce&Gabbana маркалы киімді Доменико Дольченің отбасына тиесілі Dolce Saverio компаниясы әзірлей бастады.

1989 жылдың сәуір айында Доменико Дольче және Стефано Габбана Токиодағы көрсетілімге қатысты. Шілде айында Dolce&Gabbana іш киімдері мен купальниктерінің алғашқы жинағы шықты.

90-шы жылдар. Әлемдік нарықтағы Dolce&Gabbana

Италиядағы жетістіктерден кейін Dolce & Gabbana "әлемдік аренаға" бағытталды. Алғашқы болып Күн шығыс елін (Жапония) жаулап алады. Кейінен АҚШ-та брендтің киімдеріне қызығушылық таныта бастайды. Онда 1990 жылы Дольче Габбана көрме залы ашылады.

1990 жыл

  • Қарашасында Dolce&Gabbana ерлер киімінің алғашқы топтамасын ұсынды. Жаңа жинақ тез танымалдыққа ие болды, тіпті Игги Поп, Вуди Харрельсон, Стинг секілді жұлдыздар Dolce&Gabbana-дан киінді. Сондай-ақ, топтама 1991 жылы Woolmark беделді австралиялық сыйлығын жеңіп алды.
  • Қазан айында дизайнерлер Genny group-пен Complice желісінің стилін әзірлеу бойынша кеңес беру туралы келісімге қол қойды. Қараша айында Dolce&Gabbana шоурумы Нью-Йорктегі Бродвейде пайда болды.

Dolce&Gabbana 1991 жылы күзгі-қысқы әйелдер корсетінің коллекциясын шығарды, олар көркем медальдармен және асыл тастармен безендірілді. Сондай-ақ, осы жылдың қыркүйегінде орамалдар топтамасын таныстырды.

1992 жылдың қаңтарында лицензия бойынша Dolce&Gabbana галстук коллекциясы, ал шілде айында – ерлерге арналған жағажай бұйымдарының желісі шықты.

Уақыт өте келе дизайнерлердің қызмет аясы біртіндеп кеңейеді. 1992 жылы Дольче мен Габбана Dolce & Gabbana Parfum деп аталатын алғашқы парфюмерлік өнімді ұсынды. Оны Euroitalia компаниясы дайындады. 1993 жылы хош иіс Халықаралық парфюмерия академиясынан сыйлық алды.

Фото: yandex.by

Компания өнімдеріне деген қызығушылық күн санап артты. Поп-патшайымы Мадоннаның Нью-Йоркте өткен фильм тұсаукесерінің қызыл кілемінде Dolce & Gabbana брендінің асыл тастардан жасалған корсеттімен және курткасымен жүріп өтті. Бұл оқиға әнші мен дизайнерлер арасында берік ынтамақтастық орнауына себеп болды. Келісім аясында Доменико мен Стефано 1993 жылы қысқа уақыт ішінде Мадоннаның The Girlie Show World Tour - төртінші әлемдік турына арнап 1500-ден астам дизайнерлік костюм тікті.

Фото: www.madonna-art-vision.com

1994 жыл

  • Қаңтар айында Доменико Дольче мен Стефано Габбана D&G жастар желісін шығарды. Сол айда ерлер, ал наурызда — жаңа желінің әйелдер топтамасы ұсынылды.
  • Ақпан айында Dolce&Gabbana бутигі Миландағы Виа-делла-Спига көшесінде ашылды. Сол жылдың маусым айында "Casa" коллекциясы шықты.
  • Дизайнерлер ерлер сәніне 30-шы жылдардағы "мафиози" стилін — ақ жейделері бар жолақ костюмдерді енгізді.

1995 жылы бүкіл әлемді жаулап алған lady-like стилін бекітті. Подуимнан өткен, қарапайым костюм киген, шаштары ұқыпты жиналған қыздардың стилі сән әлеміндегі ерекше жаңалық болды. Коллекциядағы барлық киімдер сатылды.

Фото: yandex.ru

1996 жылы

  • Доменико Дольче мен Стефано Габбана аты аңызға айналған "Animal Prints" коллекциясын жасады.
  • Наурыз айында марканың мерейтойына орай "Dolce&Gabbana 10 жыл" кітабы жарық көрді.
  • Сәуір айында дизайнерлер Жапонияда Dolce&Gabbana және D&G дүкендерінің ашылуын қамтамасыз еткен Misaki Shoji компаниялар тобымен келісімге қол қойды.
  • Маусым айында бренд "D&G Music" алғашқы синглын шығарды.
  • Қараша айында алғашқы рет 1997 көктем-жаз D&G әйелдер топтамасының көрсетілімі өтті.
  • Dolce & Gabbana ерлер парфюмі "Үздік ерлер парфюмі" номинациясында "Oscar des Parfums" жеңіп алды (тарихта алғаш рет бұл атақ итальяндық брендке берілген).

1997 жыл

  • 1997 жылдың сәуірінде Миланда Dolce Saverio S.p. A киім шығаратын жаңа фабрика ашылды, ол қазіргі уақытта Dolce & Gabbana Industria S. p. A деп аталады.
  • Маусым айында "D&G More More More" брендінің екінші синглы шықты.
  • Қыркүйек айында Dolce&Gabbana бутиктері Нью-Йоркте ашылды — Мэдисон Авеню және Уэст Бродвей Сохо.
  • Қараша айында "By Dolce&Gabbana" парфюмі ерлер мен әйелдер нұсқасында шықты.
  • Желтоқсан айында "Dolce&Gabbana Wildness" кітабы жарық көрді.

1998 жыл

  • Наурыз айында Мэдисон Авенюде Dolce&Gabbana жаңа шоу-румы ашылды.
  • Мамыр айында дизайнерлер "D&G Occhiali" көзілдірік жинағын ұсынды.
  • Қараша айында Assouline Француз баспасы шығарған "Мемоіге de la Mode" коллекциялық сериясы шеңберінде Dolce&Gabbana бренді туралы кітап шықты.

1999 жыл

  • Ақпан айында ерлер үшін "D&G Masculine" және әйелдер үшін "D&G Feminine" жаңа хош иістері ұсынылды. Сол кезде Миланда "Dolce&Gabbana Uomo" ерлер киімінің бутигі ашылды.
  • Маусым айында бренд Dolce&Gabbana көзілдіріктерін өндіруге лицензиясы бар Marcolin S.p. A.акцияларының 5% - ын сатып алды.
  • Қыркүйек айында Доменико Дольче мен Стефано Габбана Уитни Хьюстонның (Whitney Houston) әлемдік турнесі үшін костюмдер дизайнын әзірледі.

XXI ғасыр - көшбасшылық позицияны бекіту

2000 жыл

  • Ақпан айында Binda International дайындаған алғашқы D&G TIME сағаттар топтамасы шығарылды. Сол айда брендтің ресми сайты www.dolcegabbana.it іске қосылды.
  • Мадоннаның сегізінші студиялық альбомы "Music" жарыққа шығады. Осыған орай әнші тағы да әлемдік турды жоспарлайды - Drowned World Tour. Концеттерге арналған костюмдерді тігу үшін поп-жұлдыз Dolce & Gabbana-ның көмегіне жүгінеді.
  • Одан кейін Мисси Эллиотт, Бейонсе, Кайли Миноуг, Мэри Джей Блайджтың халықаралық турлар үшін костюмдер әзірленді.
  • Маусым айында Флоренцияда Dolce&Gabbana Industria S.p. A.Divisione Pelletteria e Calzature аяқ киім және былғары бұйымдарын өндіру фабрикасы ашылды.

Компания тарихындағы жаңа кезең 2001 жылы басталды. Осы уақытта бренд балалар киімінің топтамасын ұсынды.

Фото: tomandlorenzo.com

Ал 2002 жылы компания өзін басқа қырымен таң қалдырды. Болоньядағы "Мотор Шоу" көрмесінің аукционына Dolce & Gabbana маркалы Citroеn C3 автокөлігі сатылды. Бұл модельдің жетістігінен кейін сән үйі мен автомобиль концерні C3 және C3 Pluriel сериялы эксклюзивті машиналарды шығаруға келісім-шарт жасады. Машина салондары Swarovski фирмасының гауһар тастарымен әшекейленген, D&G жоғары сапалы былғарысы пайдаланылды.

Dolce&Gabbana-ның әрбір өнертабысы әлемдік жұлдыздар тарапынан жоғары баға алып отырды. Мысалы, 2003 жылы бренд "Sicily Dolce&Gabbana" әйелдерге арналған жаңа хош иісін ұсынды. Әтірдің жарнамасына Моника Белуччи түсті.

Компания мұнымен ғана шектелген жоқ. 2003 жылдың қазан айында Dolce&Gabbana брендін таңдаған Голливуд жұлдыздарына алғыс ретінде ұсынылған "HOLLYWOOD" кітап-альбомы шығарды.

2004 жыл

  • Мадридте бірінші "Dolce&Gabbana" бутигі ашылады.
  • Дизайнерлер Citroеn Italia-мен C3 Berlina және Pluriel автокөліктерінің арнайы нұсқасын шығаруға келіседі.
  • "Милан" футбол клубымен жеке киімнің дизайнын әзірлеу туралы келісімге қол қойды.
  • Қазан айында "Music Dolce&Gabbana" кітабы шықты.
  • Dolce & Gabbana және Luxottica Dolce & Gabbana және D&G көзілдірік топтамаларын шығару туралы келісімге қол қойды.

2005 жыл

Компанияның дүкендері әлемнің түкпір-түкпірінен ашылды. 2005 жылдың қаңтарында Dolce&Gabbana S.r.l итальяндық сән үйлерінің арасында алғашқы болып жергілікті серіктестің қатысуынсыз Қытайда қызмет жүргізуге лицензия алды. Ханчжоуда Dolce&Gabbana Hangzhou Ltd бөлімшесі жұмыс істей бастады. Ал Парижде тек ерлерге арналған дүкен іске қосылды.

  • Қыркүйек айында Доменико Дольче және Стефано Габбана маркасының жиырма жылдығы құрметіне Миланда екі мың таңдаулы қонақтар үшін ауқымды кеш ұйымдастырды.
  • Миланда "Метрополь" тарихи ғимаратында Dolce&Gabbana көрмелеріне арналған көпфункционалды залдың салтанатты ашылуы өтті.
  • Желтоқсан айында компания Procter&Gamble Prestige Products-мен 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап Dolce&Gabbana және D&G парфюмерлік өнімдерін өндіруге және таратуға келісім-шарт жасады.

2006 жыл

  • Сәуір айында "Milan Dolce&Gabbana" кітабы жарық көрді.
  • Маусым айында Dolce&Gabbana және Motorola алтын мен күмістен жасалған "MOTORAZR V3i Dolce&Gabbana" ұялы телефонын ұсынды.
  • Доменико Дольче мен Стефано Габбана 2006 әлем чемпионатына қатысу үшін Италия құрамасының ресми формасын әзірлеуге келісім-шарт жасады. Осы оқиғаға байланысты Мариано Виванконың фотосуреттері бар "2006 Italia Dolce&Gabbana" кітабы жарыққа шықты. Шілде айында альбом "Әлем чемпиондары"атты жаңа атаумен қайта басылып шықты.
  • Қазан айында "Fashion Album" кітабы жарық көрді.
  • Миланда "GOLD"кешені ашылды.

Дизайнерлер тек өз елдері үшін ғана емес басқа мемлекет құрамаларына да арнайы форманы әзірледі. 2007 жылдың шілде айында Dolce&Gabbana Қытай олимпиадалық құрамасы ойыншыларының футболдан еуропалық турниріне қатысу үшін киім дизайнын жасады.

Ал 2008 жылы Доменико Дольче және Стефано Габбана Giro d'Italia велосипед жарысы символының жаңа стилін – "Maglia Rosa" қызғылт майкасын жасаған алғашқы дизайнерлер атанды. Сондай-ақ, Dolce & Gabbana компаниясы мен А. С. Milan футбол клубы арасында келісім-шарт жасалғаны туралы жарияланды.

Бірлескен компания әрдайым түрлі салада сынақтан өтуге қызығушылық танытты. Сондықтан, 2009 жылдың ақпан айында "Dolce&Gabbana The Make Up" брендінің косметика желісі іске қосылды. Жарнамалық науқанның беті Скарлетт Йоханссон (Scarlett Johansson) болды.

2010 жылдың 19 маусымында Милан Piazza della Scala орталық алаңында және Palazzo Marino ескі сарайында бренд өзінің 20 жылдығын атап өтті. Мадонна тағы да керемет бейнесімен жарқырады. Бұл жолы әнші Dolce&Gabbana-ның жарнамалық кампанияларына қатысты.

Фото: celebs-place.com

Сол жылы дизайнерлер тағы бір футбол клубымен, анығырақ айтқанда "Челсимен" форма дизайын әзірлеу бойынша келісім жасады.

Сонымен қатар, Лео Мессимен ынтымақтастық туралы хабарлады.

Фото: www.christinapitanguy.com.br

2011 жылы негізгі желіні нығайту мақсатында D&G желісі Dolce & Gabbana-мен біріктірілді. Жыл соңында Dolce & Gabbana зергерлік әшекейлердің бірінші желісін іске қосты.

2013 жылдың басында бренд өзінің алғашқы балалар парфюмериясы желісін ұсынды.

2016 жылы бренд хиджабтар мен абай коллекциясын ұсынды.

Фото: hindustantimes.com

Похожие материалы