Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 372 теңгеге дейін қымбаттады

Доллар 372 теңгеге дейін қымбаттады

Алматы. 2 қараша. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 371,72 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (370,41 теңге / $1) ұлттық валюта 1,31 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 371,06 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 372,20 теңге, жабылу курсы бір долларға 371,95 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 20 млн 250 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 58.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 373,7 теңге, Алматыда – 374 теңге.

Похожие материалы