Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 375 теңгеге дейін арзандады

Доллар 375 теңгеге дейін арзандады

Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 375,22 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (375,61 теңге / $1) ұлттық валюта 0,39 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 375 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 376,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 375,20 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 48 млн 800 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 141.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 377,5 теңге, Алматыда – 378 теңге.

Ұлттық Банктің 12 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 375,53 теңгені құрайды.

Похожие материалы