Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 376 теңгеге дейін көтерілді

Доллар 376 теңгеге дейін көтерілді

Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі  сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 375,99 теңгені құрады. 

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 374,10 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 377,70 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,50 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 88 млн 500 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 202.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 15:30 да 378,5 теңге, Алматыда – 379,5 теңге.

Ұлттық Банктің 26 желтоқсандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 373,56 теңгені құрайды.

Похожие материалы