Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 377 теңгеге дейін өсті

Доллар 377 теңгеге дейін өсті

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 376,76 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (375,81 теңге / $1) ұлттық валюта 0,95 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 376,10 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 377,25 теңге, жабылу курсы бір долларға 377 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 28 млн 850 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 94.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 379 теңге, Алматыда – 380 теңге.

Ұлттық Банктің 7 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 376,59 теңгені құрайды.

Похожие материалы