Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 376,53 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (380,97 теңге/$1) ұлттық валюта 4,44 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 376,10 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 376,30 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 158 млн 60 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 358.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 381 теңге, Алматыда – 380 теңге.
Ұлттық Банктің 21 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 380,56 теңгені құрайды.