Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар қайтадан нығайып келеді

Доллар қайтадан нығайып келеді

Алматы. 24 шілде. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 24 шілдедегі доллардың орташа бағамы 326,86 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 325,70 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 327,50 тг, сауданың аяқталуы кезінде 327,50 тг болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 135 млн 600 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 249.

Ақша айырбастау орындарында 24 шілдедегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.10) Алматыда 328 теңгені құраған.

Похожие материалы