Экономика
Доллар бағамы 264,12 теңгені құрады
Таңғы сауда қорытындысы бойынша доллардың бағамы 264,12 теңгені құрады. Америкалық валюта 22 қыркүйектегі кешкі сессияның нәтижесімен салыстырғанда 1,47 теңгеге әлсіреді деп хабарлайды Қазақстандық қор биржасы.
Сауда көлемі 40,95 млн долларға тең болды.
Ұлттық банк өткен аптадан бері әр күн сайын саудаға қатысып, 481,6 млн доллар көлемінде валюталық интервенция жүргізді. Осы аптаның дүйсенбісінде реттеуіш тағы да биржа саудасына қатысып, валюталық өктемдік процесі үшін 213,1 млн доллар жұмсады.