Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллар бағамы 1,80 теңгеге төмендеп, 448,19 теңге болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұлттық Банктің 14 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 450,17 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 452, 92 теңге, сатып алу – 457, 22 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 455, 97 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 452, 30 теңге.
Сондай-ақ, әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,50%-ға төмендеп, барреліне 103,18 доллар болды.
Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері барреліне 0,72%-ға арзандап, 107,57 долларды құрады.