Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 379,5 теңгеге дейін төмендеді

Доллар бағамы 379,5 теңгеге дейін төмендеді

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,59 теңгені құрады. 8 сәуірдегі таңғы сессиямен салыстырғанда (380,27 теңге/$1) ұлттық валюта 0,68 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,40 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,90 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,90 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 24 млн 30 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 58.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380,2 теңге, Алматыда – 381,5 теңге.

Ұлттық Банктің 9 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 380,55 теңгені құрайды.

Похожие материалы