Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 381,90 теңгені құрады. 26 сәуірдегі таңғы сессиямен салыстырғанда (380,22 теңге/$1) ұлттық валюта 1,68 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 381,40 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 382 теңге, жабылу курсы бір долларға 381,91 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 16 млн 370 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 46.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 382 теңге, Алматыда – 382,5 теңге.
Ұлттық Банктің 29 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 380,89 теңгені құрайды.