Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы бірден 7 теңгеге төмендеді

Доллар бағамы бірден 7 теңгеге төмендеді

Алматы. 21 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 352,09 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (359,69 теңге / $1)  ұлттық валюта 7,6 теңгеге қымбаттады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 350,10 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 357 теңге, жабылу курсы бір долларға 350,30 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 147 млн 400 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 216.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 356,5 теңге, Алматыда – 357 теңге.

Похожие материалы