
Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11: 00-де 389,38 теңгені құрады. 12 қарашадағы деректермен салыстырғанда (388,69 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,69 теңгеге әлсіреді.
Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 391 теңге, Алматыда — 391,5 теңге.
Ұлттық Банктің 13 қарашадағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 388,81 теңгені құрайды.