Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді

Алматы. 23 қараша. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 366,25 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (367,32 теңге / $1) ұлттық валюта 1,07 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 366 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 367,20 теңге, жабылу курсы бір долларға 366,25 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 165 млн 50 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 377.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 369 теңге, Алматыда – 370 теңге.

Ұлттық Банктің 23 қарашадағы ресми бағамы 1 доллар үшін 367,27 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы