Экономика
Доллар бағамы 356 теңгеге жетті
2016 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 355,52 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, дүйсенбі күнгі таңертеңгі сауда кезінде доллардың минималды курсы — 354,60 теңге, максималды курс –356,35 теңге. Сессия жабылу кезінде курс 356,30 теңге болды.
Таңертеңгі сессияда сауда көлемі 50 млн 400 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 69.
Алматы қаласының айырбастау бөлімшелерінде доллар 356-357 теңгеден сатылуда.