Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бір күнде бірден 5 теңгеге қымбаттады

Доллар бір күнде бірден 5 теңгеге қымбаттады

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 2 тамыз доллардың орташа бағамы 335,72 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 334,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 336,42 тг, сауданың аяқталуы кезінде 336,41 тг болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 281 млн 300 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 363.

ъАқша айырбастау орындарында 2 тамыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.20) Алматыда 342 теңгені құраған.

Похожие материалы