Теңге тағы да құлдырап жатыр. Валюта биржасындағы таңғы сессияда доллар курсы кешегі күнге қарағанда 13,88 теңге жоғарылап, 243,99 теңгеге жетті деп хабарлайды Қазақстандық қор биржасы.
Таңғы сауда кезінде доллардың орташа курсы 243,99 теңгені құрады. Жалпы сауда көлемі - 37,8 млн доллар.
Теңге екінші күн қатарынан арзандап жатыр. Өткен бейсенбіде Қазақстан үкіметі еркін айналымға өтетіндігін хабарлаған еді. Сол уақыттан бері Қазақстандағы доллар бағамы 218 теңге мен 255 теңге аралығында тұр.