Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар курсы 276,83 теңгені құрады

Доллар курсы 276,83 теңгені құрады

Сейсенбіде Қазақстандық қор биржасындағы (KASE) доллардың теңгеге қатысты бағамы 1,2 пайызға төмендеді деп жазылған қор биржасының ресми сайтында.

Доллардың теңгеге қатысты курсы 276,83 теңгені құрады. Осы арқылы курстың долларға қатысты орташа бағамы 3,28 теңге төмендеді. Дүйсенбі күні доллар бағамы 273,55 теңгені көрсеткен еді. KASE ақпараты бойынша, доллармен саудадағы минималды курс 265 теңгені, максималды курс 279,5 теңгені, ал жабу курсы 278,5 теңгені құраған. Американдық валютамен жасалған сауда көлемі - 71,35 млн доллар. Саудаға жалпы 21 банк қатысты. 15 қыркүйектегі теңгенің ресми курсы долларға қатысты 273,55 теңгені құрайды. Ресми курсты анықтаушы ретке байланысты 16 қыркүйекте ол 276,83 теңге болуы қажет.

Похожие материалы