Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар курсы 368 теңге деңгейінде тұр

Доллар курсы 368 теңге деңгейінде тұр

Алматы. 31 қазан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 368,38 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (368,43 теңге / $1)  ұлттық валюта 0,05 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 367,90 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 368,88 теңге, жабылу курсы бір долларға 368,88 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 17 млн долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 57.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 370 теңге, Алматыда – 370,8 теңге.

Похожие материалы