Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар курсы қайта 270 теңгеге түсті

Доллар курсы қайта 270 теңгеге түсті

KASE таңғы сессияның қорытындысы бойынша, доллар курсы 270,46 теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстандық қор биржасының ресми сайтында жазылған.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылдың 18-қыркүйегіндегі кешкі саудада доллар курсы 279,48 теңге құраған еді. 21-қыркүйек күнгі алғашқы мәмледе сауда 280 теңге бағамымен жүрді. Бұл максимал баға, ал минимал баға 269,9 теңге болды. Операциялардың жалпы көлемі 172,9 млн долларды құрады. Барлығы- 25 қатысушы.

16-қыркүйектен бастап  ҚР Ұлттық банкі 144 млн долларға интервенция жүргізгеннен кейін, таңғы сессияда алғаш рет шетел валютасының құны 2015 жылдың 17-қыркүйегінде 270 теңге көлемін көрсеткен болатын. ҚР Ұлттық банкі үш күн қатарынан шетел валютасын төмен деңгейде ұстап тұру үшін 481,6 млн долларды жұмсады. Валюталық интервенция аясында 16 қыркүйекте -144 млн, 17 қыркүйекте -270,4 және 18 қыркүйекте 67,2 млн доллар шығарды.

Похожие материалы