Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар әлсірей бастады

Доллар әлсірей бастады

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 тамыздағы доллардың орташа бағамы 334,17 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,70 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334,60 сауданың аяқталуы кезінде 333,80 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 45 млн 800 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 115.

Ақша айырбастау орындарында 4 тамыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 338 теңгені құраған.

Похожие материалы