«БКС Мир инвестиций» ақпараттық-аналитикалық контент басқармасының басшысы Василий Карпунин доллар бағамының төмендеуіне әкелетін шарттар туралы болжамын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, доллардың құлдырауы экспорттаушылар табысын сатқанда орын алуы мүмкін.
Сарапшының сөзінше, импорттың құлдырауы мен ресейліктердің шетелге сапарларының азаюы да рубль пайдасына оң әсер етуі мүмкін. Өйткені бұл ресейліктер арасында шетел валютасына сұранысты азайтады. Сарапшының айтуынша, доллар 90-95 рубльге дейін төмендеуі мүмкін.
23 наурызда Мәскеу биржасындағы валюталық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша рубльдің долларға қатысты бағамы 5,61 пайызға төмендеп, 97,73 рубльді құрады. Сарапшылардың пікірінше, бұл Ресей президенті Владимир Путиннің Ресей Федерациясына АҚШ пен Еуропалық Одақтан келетін тауарларды шетелдік валюталармен төлеуден бас тарту туралы мәлімдемесіне реакция болды. Сонымен қатар, мәлімдемеге сәйкес, достық емес деп танылған елдерге экспортталған газ үшін төлем рубльге ауыстырылады.