Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллардың ең жоғары курсы 340 теңгеге жетті

Доллардың ең жоғары курсы 340 теңгеге жетті

Алматы. 30 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 30 тамыз доллардың орташа бағамы 337,61 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 336,98 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 338,08 тг, сауданың аяқталуы кезінде 337,82 тг болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 176 млн 450 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 276.

Ақша айырбастау орындарында 30 тамыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.30) Алматыда 340 теңгені құраған.

Похожие материалы