Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллардың курсы валюта дәлізінің шекті мөлшеріне дейін көтерілді

Доллардың курсы валюта дәлізінің шекті мөлшеріне дейін көтерілді

Бүгін еліміздің бірқатар банктері мен айырбастау пункттері доллардың курсын 198 теңгеге дейін көтерді. 15 шілде күні Ұлттық банк валюта дәлізінің шекті мөлшерін 198 теңге деп белгілеген еді.

Осыған дейін 1 доллар айырбастау пунктерінде 188,189 теңге деген курсқа жеткен еді. Бүгін таңертең екінші деңгейлі банктердегі теңгенің долларға қатысты бағамы дәліздің шегіне жетті. Қазкоммерцбанкте доллар 195,54-тен сатып алынып, 198,67-ден сатылады. ЦентрКредит Банкінде сатып алу 195,50 теңге, сату 197,50 теңге деп белгіленген. Еуразиялық банкте доллар 195,5 теңгеден сатып алынып, 197,4 теңгеден сатылады. Ал Ұлттық банктегі теңгенің долларға қатысты бағамы 188,35 деңгейінде тұр.

Похожие материалы