Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 3 тамыз доллардың орташа бағамы 335,53 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 334,75 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 336,48 тг, сауданың аяқталуы кезінде 335,25 тг болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 273 млн 000 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 353.
Ақша айырбастау орындарында 3 тамыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.45) Алматыда 339 теңгені құраған.