Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 29 тамыз доллардың орташа бағамы 334,84 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 334,35 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 335,32 тг, сауданың аяқталуы кезінде 335,320 тг болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 144 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 269.
Ақша айырбастау орындарында 29 тамыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.15) Алматыда 336 теңгені құраған.