Экономика
Авто
Долларға қатысты ұлттық валюта курсы 337 теңгені құрады
2016 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 337,30 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 336,25 теңгені құрады. Максималды курс — 338,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 338 теңге болды.
Күндізгі сессияда сауда көлемі 71 млн 100 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 150.
19 сәуірдегі таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 337,99 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллардың 19 сәуірдегі максималды курсы 338,3 теңге (Алматы уақыты 15:30-да) деп белгіленген.