Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда долларлық салымдар жалпы депозиттердің 77,5% құрады

Қазақстанда долларлық салымдар жалпы депозиттердің 77,5% құрады
Қазақстанда долларсыздандырудың орнына долларлану күшейіп барады. Қазіргі кезде банктердегі жеке депозиттердің 77,5% доллармен сақталады. Бұл туралы Kapital.kz хабарлады. Басылымның жазуынша қыркүйек айында долларлық салымдар үлесі  75,8%, қыркүйекте 76,4% болған. Банктерге келсек АТФБанкте валюталық салымдар жеке тұлғалар депозитінің 90,9%, Цеснабанкте - 88%, Сбербанкте - 83,9%, Қазкоммерцбанкте – 83,4%, Евразиялық банкте – 81,6%, Нұрбанкте – 81,4%, Банк ЦентрКредитте – 79,5%, Халық банкте – 77,5%, ForteBank – 75%, Kaspi bank-те – 73,2% құраған. Сарапшылардың көпшілігі егер Ұлттық банк ашық саясатқа көшіп, теңгеге сенім артса қазақстандықтар валюталық депозиттерін теңгелік депозитке ауыстырады дейді. Әзірге теңгеге сенім әлі байқала қоймайды. Әрі теңге құнсыздануын жалғастыруда. Ұлттық банктің ақпара бойынша 2015 жылдың қарашасында 10%, желтоқсанында 10,6% құнсызданған. Бұған бірінші кезекте мұнай бағасы әсер етуде. 5 қаңтар күні Brent маркалы мұнайының құны барреліне 36,5 долларға дейін төмендеді. Теңгеге ресей рублінің құнсыздануы да айтарлықтай әсер етіп отыр. 5 қаңтар күні 1 доллар/72,6 рубль болды. Ары қарай не болатыны белгісіз. Сарапшылар бұл факторлар теңгенің ары қарай құнсыздана түсуіне әсер етеді дейді.    

Похожие материалы