Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Домбыраның электронды нұсқасы шықты 

Домбыраның электронды нұсқасы шықты 

Шымкент. 18 тамыз. 7kun.kz - Оңтүстікқазақстандық өнертапқыш домбыраның электронды нұсқасын ойлап тауып, қолданысқа енгізді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Енді домбыраны ұялы телефоныңыздан тартып, ән шырқауыңызға болады. Егер үйренгіңіз келсе, тегін жүктеуге мүмкіндік туып отыр.  «Apple» компаниясы мақұлдаған бұл бағдарламаның авторы – оңтүстікқазақстандық ІT маман Нұрлан Қамбар. Өнертапқыш жігіт аталған бағдарламаны жуырда ғана АҚШ-тағы  «Apple» компаниясына мақұлдатып, авторлық құқық иесі атанды. 

Бүгінде Нұрлан Бауыржанұлы Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы Университеттің ақпараттық жүйелер мамандығының  2-курсында оқиды. 

Домбыраның электронды нұсқасын ойлап тапқан 20 жасар жігітке бұл идея  Астанадағы ЭКСПО  көрмесіне барғанда келіпті. Нұрланның бұл  идеясын іске асыруға  «қазақстандық Стив Джобс» атанып кеткен Арман Сүлейменов ақыл-кеңес беріпті.

«Қазіргі таңда қазақ жастары жаңашылдыққа ұмтылып, жаңа технологияларды игеруге күш салып жатыр.  Солардың бірі ретінде мен де өз бағымды сынап көруді жөн санап, алғашқы еңбегімді жүзеге асыруға тырыстым. Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі – домбыра үйренуге әрі домбыра жоқ жерде ұялы телефоннан күй немесе ән тартуға мүмкіндік береді. Аталған бағдарламаны мына сілтемеден https://itunes.apple.com/us/app/dombra/id1265753404?l=ru&ls=1&mt=8 тегін жүктеп алуыңызға болады», - дейді өнертапқыш.       

Похожие материалы