Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дональд Трамп АҚШ экономикасы құлдырау шегінде тұрғанын ескертті

Дональд Трамп АҚШ экономикасы құлдырау шегінде тұрғанын ескертті

АҚШ Президенттігіне үміткер, миллиардер Дональд Трамп жұмыссыздар деңгейінің тым жоғары болуы салдарынан АҚШ-та экономикалық құлдыраудың орын алатынын ескертті. Бұл туралы vestifinance.ru хабарлайды.

"Біз қазір бәріміз экономкалық қаржылық жағдайдың ең төменгі шегінде тұрмыз деп ойлаймын", - деді ол The Washington Post-қа берген сұхбатында.

Трамптың сөзінше, АҚШ-тағы жұмыссыздардың саны 5%-дан да жоғары. Дегенмен мұны мемлекеттің жұмыспен қамту және статистика бюросысы ресми түрде мәлімдеген.

"Егер нақты жағдай бойынша айтар болсақ біздегі жұмыссыздардың саны 20%-дан кем емес. Біздегі статистика қызметкерлері саясатта қалыпты имидж  қалыптастыру үшін жұмыссыздар санын азайтып көрсетеді", - деді ол.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақыт қор нарығына инвестиция салуға қолайлы емес екенін атап өтті.

Похожие материалы