Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дональд Трамп АҚШ президенті сайлауына қатысуға өтініш берді

Дональд Трамп АҚШ президенті сайлауына қатысуға өтініш берді

Әлем. 16 қараша. 7kun.kz – АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп 2024 жылғы сайлауға түсуге өтініш берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

BBC мәліметінше, ол сайлауға қатысу үшін ресми түрде өтініш берді. Құжатты Федералдық сайлау комиссиясы жариялады.

«Америка осы сәттен бастап қайта оралады! Мен билікте болған 4 жылда бәрі керемет болды», – деді Трамп.

Ол осы сәттен бастап 2024 жылы дауыс беру күніне дейін білек сыбана күресетініне уәде берді.

Айта кетейік, Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының 45-президенті болған еді. АҚШ-та президент сайлауы 2024 жылғы қарашада өтеді.

Похожие материалы