Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz — Дональд Трамп АҚШ Президенті лауазымына тағайыналғаннан бастап - 2017 жылдың басы мен 2019 жылдың 28 сәуіріне дейін 828 күн ішінде 10 111 жалған мәлімдеме жасады. Бұл туралы америкалық The Washington Post газеті хабарлады.
Дональд Трамп екі жылда орташа алғанда күніне 12 жалған мәлімдеме жасады. Газеттің мәліметтеріне сәйкес, бастапқыда Трамп күніне бес жалған мәлімдеме жариялаған, бірақ соңғы бірнеше айда бұл сан 23-ке дейін өсті.
Америкалық көшбасшы шындыққа сай келмейтін тұжырымдармен жиі сөйлей бастады, деп жазады басылым. Бұл 2018 жылғы аралық сайлау алдындағы митингтерде де, Мексикамен шекарада қабырғаға байланысты АҚШ үкіметінің ішінара шатдауны кезінде де және Ресейдің 2016 жылғы президент сайлауына араласуы туралы арнайы комиссияның баяндамасын жариялағаннан кейін де болды.
Мұнда Трамптың Twitter басылымдарына құмарлығы да маңызды рөл атқарады. Қызығы саясаткердің өзі де жалған жаңалықтарға белсенді түрде қарсы шығады.
АҚШ президенті 27 сәуірде Висконсин штатындағы Грин-Бэй қаласында өз жақтастарының алдында сөз сөйлеген кезде 10 мың жалған мәлімдеме жасады. Оның қатарында келесі түрдегі жалған мәлімдемелер бар:
- Жапониямен, Қытаймен және Еуроодақпен сауда тапшылығының көлемін асыра атап өтті, АҚШ-тың олардың салдарынан ақшасын жоғалтатынын мәлімдеді;
- ол ресейлік араласу туралы тергеуге қатысты «жасыратын ештеңе» жоқ деп мәлімдеді, бірақ ант беруден бас тартты;
- ол инаугурациядан емес, тағайындалғаннан бері құрылған жұмыс орындарының саны туралы баяндады;
- оның әкімшілігі қысқартуға тырысқан Ұлы көлдерді қалпына келтіру жөніндегі бастаманы қаржыландыруды өз есебіне қосты;
- иммиграция туралы бірқатар жалған мәлімдеме жасады, мысалы, ашық шекаралар қорқынышты қылмысқа ықпал етеді (заңсыз иммиграция мен қылмыс арасында құжатталған байланыс жоқ, деп жазады басылым);
- тарихтағы ең үлкен салық төмендегенін және жылжымайтын мүлік салығын нөлге дейін жеткізгенін айтты;
- АҚШ НАТО-ны 100%-ға қамтамасыз еткен, Сауд Арабиясы оның әкімшілігімен 450 млрд доллар мәмілеге қол қойды, тіпті АҚШ Сауд Арабиясы қарулы күштерін субсидиялайды екен (шын мәнінде АҚШ-тың көмегі жылына шамамен 10 мың доллар);