Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дональд Трамп енгізген баж салығынан болат қымбаттады

Дональд Трамп енгізген баж салығынан болат қымбаттады
Алматы. 23 қазан. 7kun.kz - Сырттан әкелінген болатқа арналған салық, америкалық компаниялардың осы металға жұмсайтын шығындарын айтарлықтай ұлғайтып жіберді. Ford Motor Co автомобиль жасау концерні осылай мәлімдеді. «АҚШ-тағы болат  әлемдегі кез келген болаттан қымбат», - деп мәлімдеді  Ford жаһандық операциялар президенті Джо Хинрикс. Топ-менеджердің айтуынша, автоөндіруші бұл мәселені президенттік әкімшілікпен талқылау үстінде. «Біз бүкіл әлем бойынша бәсекелестікте болу үшін, өз нарығымызда бәсекелестікке сай бағалар болуы қажет екенін оларға түсіндірудеміз», - деді Джо Хинрикс. Баж салығына байланысты Ford табысы 1 млрд долларға қысқарды, деп мәлімдеді қыркүйек айында компанияның бас директоры Джим Хэкетт.

Похожие материалы