Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дональд Трамп ресми түрде АҚШ-тың президенті атанды

Дональд Трамп ресми түрде АҚШ-тың президенті атанды

Вашингтон. 21 қаңтар. 7kun.kz - Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының 45-президенті болып тағайындалды. 20-нан 21-не қараған түні ол Капитолий жанына жиналғандарға жаңа статусындағы алғашқы сөзін сөйледі. 

Дональд Трамп өзіне дейінгі барлық әріптестеріне, барша америкалықтарға, Мишель және Барак Обамаға алғысын айтты. Ол елдің инфрақұрылымын қалпына келтіріп, "адамдарға арманын қайтарып", барлығына бірдей президент болуға уәде берді. Америкалықтардың мүддесін қорғайтындығын атап өтті. Сондай-ақ, жер бетінен терроризмді құртуға да атсалысатындығын мәлімдеді. Жаңа президенттің сөзінше, билік енді қарапайым адамдар туралы ойлайды.

Өз сөзін сайлау кампаниясындағы "Біз Америкаға ұлылығын қайтарамыз" деген ұранымен аяқтады. Соңынан Барак Обамамен қол алысты.

Инагурацияға Трампқа дейін Ақ үйді басқарған Джимми Картер, Билл Клитон, Джордж Буш және Барак Обама келді.

Похожие материалы