Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дональд Трамптың табысы бір жылда 600 млн долларға төмендеді

Дональд Трамптың табысы бір жылда 600 млн долларға төмендеді

Нью-Йорк. 18 қазан. 7kun.kz - Америкалық Forbes журналы 2017 жылғы 400 ең бай америкалықтардың тізімін жариялады.

Жаңа рейтингте АҚШ президенті Дональд Трамптың жағдайы бір жылда 600 млн долларға төмендеп 249 орынға түсті. Осылайша жалпы табысы 3,1 млрд долларды құрады.

Forbes-тің жаңа рейтингінде ең бай американдық тағы да Microsoft негізін қалаушысы Билл Гейтс болды. Бір жылдың ішінде оның табысы 8 миллиардқа артып 89 миллиард долларды құрады. Екінші орында Amazon және Blue Origin аэроғарыштық компаниясының негізін қалаушы - Джефф Безос. 2017 жылы  ол табысын 14,5 миллиард долларға арттырды.

Үштікте инвестор және Berkshire Hathaway компаниясының бас атқарушы директоры Уоррен Баффет тұр. Оның табысы бір жылда 12,5 млрд долларға өсіп, 78 млрд долларды құрады.

Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг рейтингте бесінші  тұр. 2017 жылы ол табысын 15,5 млрд долларға арттырды. Жалпы табысы 71 млрд долларға жетті. Бестікті Oracle компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Ларри Элисон қорытындылады. Ларри Элисонның табысы  бір жылда 9,7 миллиардқа артып, жалпы 59 миллиард долларды құрады.

Рейтингте табысты ең жас американдық (27 жас) Snapchat-тың негізін қалаушы Эван Шпигель болды. Оның табысы 3,1 миллиард доллар болды. Ең жасы үлкен миллиардер - 94 жастағы Алекс Спанос (2,4 млрд).

 

Похожие материалы