Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Донорлыққа келісім туралы мәлімет қай құжатқа жазылады

Донорлыққа келісім туралы мәлімет қай құжатқа жазылады

Алматы. 29 шілде. 7kun.kz – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

«Емханаға тіркелерде Сіздің қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісіміңіз сұралады. Егер бас тартсаңыз, жауабыңыз электронды құжатта көрсетіледі. Өткен аптада таныстырған электронды денсаулық паспортында бұл туралы арнайы баған болады. Жыл соңына дейін бұл мәселе шешіледі», - деді Е. Біртанов.

Оның айтуынша, донорлықтан бас тарту үшін адамдар емханаға арнайы келуі тиіс.

«Адамдар емханаға арнайы келіп, донорлықтан бас тартуын тіркетуі тиіс. Ұзақ уақытқа сақтап қою үшін қағаз құжат та міндетті түрде болады», - деді министр.

Оның айтуынша, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Әрине, біздің менталитет, дәстүр, психология үшін бұл оңай емес.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен азаматтардың басқа да құжаттарында қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісім немесе бас тартуды бекіту мүмкіндігі туралы айтылған болатын.

Похожие материалы