Бүгін Ұлттық банктің төрағасы болып Данияр Ақышев тағайындалды. Саясаттанушы Досым Сәтпаевтің сөзінше, оған барлығына бірдей ұнай қоймайтын шешім қабылдауға тура келеді. "Бұл камикадзе қызметі", - деді ол kapital.kz-ке берген сұхбатында.
Алайда, қиындықтарға қарамастан, Д. Ақышевтің елеулі артықшылығы бар - ол қаржы ортасының өз адамы. "Данияр Ақышев, Қайрат Келімбетовке қарағанда қаржылық ортаның өз адамы. Бейімделу тұрғысынан оған аз уақыт кетеді",- деді Досым Сәтбаев.
Қазақстан Президенті айтқандай, Ұлттық банктің бірінші кезектегі міндеті халықтың ұлттық валютаға және тұтастай экономикаға деген сенімділігін арттыру. "Алайда стратегия бұрынғыдай болады. Бірақ Данияр Ақышевтің Григорий Марченконың шәкірті екенін ескеруіміз керек, сондықтан біраз селбесу тудыруы мүмкін. Оның Қайрат Келімбетовтен не қалдыратынын, Григорий Марченкодан не әкелетінін бақылау қызық болатын сияқты",- деді Д.Сәтпаев.