Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Dow Jones шетелдегі қызметкерлерін қысқартады

Dow Jones шетелдегі қызметкерлерін қысқартады

Нью-Йорк. 1 ақпан. 7kun.kz – Американың News Corp медиахолдингінің құрамына кіретін Dow Jones & Co. баспасы шетелдік өкілдіктерін қысқартып, бизнесін оңтайландырады, деп хабарлады The Wall Street Journal.

Dow Jones Еуропа мен Азияның ең ірі қалаларындағы кеңселерін ғана қалдырмақ. Шағын кеңселері түгел жабылады. Қысқарту WSJ-дың 2020 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес жүзеге аспақ. Бұл жоспар басылымдарға жарнаманың азаюына байланысты жасалған.

Бұған дейін News Corp. Dow Jones басылымының АҚШ–тағы табысы өткен жылдың шілде-қыркүйек айларында 21%-ға азайып кеткенін хабарлаған еді.

Айта кетейік, жарнама көлемінің азаюынан АҚШ-тың бірқатар ірі басылымдары қызметкерлерін қысқартуға мәжбүр болды. Олардың қатарында USA Today, USA Weekend және бірқатар ірі газеттерді шығаратын Gannett пен The New York Times бар.

 

Похожие материалы