Экономика
ДСҰ елдері Қазақстанның мемлекеттік сатып алуларын ала алатын болады
Қазақстан төрт жылдан кейін Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) қатысушы елдері үшін мемлекеттік сатып алуларды ашуы тиіс болады. Бұл туралы бейсенбі күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев хабардар етті.
"ДСҰ талаптарына сәйкес төрт жылдан соң Қазақстан үкіметтік сатып алулар туралы келісімге қосылуы тиіс. Бұл келісімде мемлекеттік сатып алулардың ұлттық режимін ДСҰ қатысушы елдеріне ұсыну туралы айталған. Қазақстан мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамадан қазақстандық жеткізушілерге арналған артықшылықтарды әлдеқашан алып тастаған. Сондай-ақ бізде мемлекеттік сыңайлы сектордың сатып алулары бойынша және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары бойынша міндеттемелер бар", - деп түсіндірді Р.Ошақбаев.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ресейді қоса алғанда, бірқатар ДСҰ-ның мүше елдеріндегі құқықты қолдану тәжірибесіне жүгініп, бұл талапты саралауды ұсынды.
"Біз қолдаудың бұл түрін толығымен алып тастауды емес, оның халықаралық келісімдерге қарама-қайшы келмейтін жағдайларда ғана қолданылуына бейімделуін ұсынып отырмыз. Мұндай ескертпе Ресейдің өнеркәсіптік саясат туралы заңында келтірілген, бұл ескертпеге сәйкес мемлекеттік сыңайлы сектордың сатып алулары кезінде "халықаралық келісімдерге қарама-қайшы келмейтін жағдайларда" деген ескертпенмен Ресей аумағында шығарылған тауарларға қатаң басымдық белгіленген", - деді Р.Ошақбаев.
Оның айтуынша, ҰКП үкіметке бұл мәселе бойынша өздерінің ресми позициясын бағыттады.
"Инвестициялар және даму министрлігі бізді қолдап отыр. Біздің заңнаманың ДСҰ талаптарына бейімделуі кезінде біз қазақстандық құрамды қолдаудан бас тарпаймыз деген сенімдеміз. Қазақстан тәжірибесіне сүйеніп, бұл құрал өте маңызды екенін айта аламын", - деп түйіндеді Ұлттық палатаның топ-менеджері.