Дубай — әлемдегі ғажап қалалардың бірі. Көпшіліктің пікірінше, өмір сүруге қолайлы ең тамаша мегаполис. Оның әсемдігін сөзбен айтып жеткізу қиын. Туристердің оған деген махаббатын әдемі аралдар, зәулім ғимараттар аша түсетіні сөзсіз. Ал сіз Дубайдағы жасанды аралдардың қалай салынатынын білесіз бе?
[caption id="attachment_73066" align="aligncenter" width="640"] Фото: yandex.ru[/caption]Кезінде бірнеше мың ғана тұрғыны бар шағын қалашыққа қазіргі күні әлемнің түкпір-түкпірінен табысты кәсіпкерлер, дәулетті адамдар көңіл көтеріп, демалуға жиналады. Сондай-ақ, Дубайда вилласы бар президенттердің саны да аз емес.
[caption id="attachment_73067" align="aligncenter" width="640"] Фото: votpusk.ru[/caption]Дубай дегенде әр адам көз алдына мұнай мен алтынның, әлемдік сауда-саттықтың орталығын, зәулім ғимараттар, көңіл көтеруге арналған ең озық ойын-сауықтың мекенін елестетеді. Қаланың көріктілігі адамды өзіне еріксіз баурайды. Бар болғаны 14 жылдың ішінде, ол әлемнің үздік қалаларымен терезесін теңестірді. Ал ондағы жасанды аралдардың салыну процесін бақылау арқылы, Дубаймен жақынырақ танысуға мүмкіндігіңіз бар.
[caption id="attachment_73068" align="alignright" width="640"] http://worldi.ru[/caption]Дубай экономикасы жылдан-жылға жанданып келеді. Қалаға табыс алып келетін бизнестің саны Дубайда көп. Бұл жобалар толықтай голландтық мамандардың жұмысы. Сондай-ақ индиялық, индонезиялық құрылысшылардың еңбегі Гонконгтік, Синграпурлық жұмысшылардың жобасымен бәсекеге түсіп, Лас-Вегастың ойын-сауық жүйесін басып озды. Аралдардың аумағында бизнес орталықтар мен бірнеше мегамолл, әдемі қонақүйлер, экслюзивті виллалар мен жайлы пәтерлер салынған. Әлемнің сегізінші кереметі саналатын “Дубайдың Пальма аралдары” Парсы шығанағында орналасқан. Олар Джумейра, Джебель-али, Дейра деп аталады. Аралдарға ғарыштан қарағанда Араб әмірлігінің беделді тұлғасы Бен Рашид Аль-Мактуманың танымал нақыл сөзін оқуға болады.
[caption id="attachment_73069" align="aligncenter" width="640"] Фото: img-fotki.yandex.ru[/caption] [caption id="attachment_73070" align="aligncenter" width="800"] Фото: worldi.ru[/caption] [caption id="attachment_73071" align="aligncenter" width="800"] Фото: worldi.ru[/caption]Джумейра Пальмасы
Бұл аралды жасау туралы ой 2001 жылдың маусым айында туған. Оның пішіні 17 “бұтағы” бар жайқалған үлкен ағашты еске түсіреді. Аралды толқынның соғуынан қорғайтын жабдықтың ұзындығы — 11 км. Жабдықты жасауға 7 млн куб. м. құм жұмсалды. Аралды қоршап тұрған жарты ай пішінді жерге 28 қонақ үй салынды. Джумейра жарты ай пішінді the Crescent, the Crown, the Trunk аралынан құралған. “Крона” 17 шағын ауданды қамтитын, 17 “бұтақ” пішінде жасалған, аралдың маңызды бөлігі. Себебі “Кронада” ешбір мемлекетте кездеспейтін дизайны мен пішіні ерекше Signature Villas, Garden Homes и Town Homes виллалары орналасқан.
[caption id="attachment_73072" align="aligncenter" width="640"] Фото: img-fotki.yandex.ru[/caption]The Trunk — аты айтып тұрғандай аралдың “діңгегі”. Бұл жерде сауда орталықтары, мейрамханалар, парктер бар. Сондай-ақ аралдан шамаңыз келсе, екі-үш бөлмелі пәтерді де сатып алуыңызға болады. Джумейра пальмасының аумағы 25 кв. км. Оның көлемі Джебель Айри мен Дейраға қарағанда кішкентай.
[caption id="attachment_73073" align="aligncenter" width="640"] Фото: img-fotki.yandex.ru[/caption] [caption id="attachment_73074" align="aligncenter" width="640"] Фото: img-fotki.yandex.ru[/caption]Джебель-Али пальмасы Арал 2002-2008 жылдар аралығында салынды. Оның көлемі Джумейрадан 40-50 пайызға үлкен. Джебель-али пальмасында мыңнан аса тұрғын үй бар. Аралды қоршап тұрған, жарты ай сынды шағын аралда сауда орталықтары орналасқан.
[caption id="attachment_73075" align="aligncenter" width="640"] Фото: img-fotki.yandex.ru[/caption] [caption id="attachment_73076" align="aligncenter" width="640"] Фото: img-fotki.yandex.ru[/caption]Дейра пальмасы Арал Дейра ауданына жақын жерде орналасқан. Сондай-ақ сол ауданды қайта жандандыру үшін салынған. Бұл аралдың құрылысы 2004 жылдың қазан айында басталды. Ол Джумейрадан бес есе, Джебель-Алиден сегіз есе үлкен. Бастапқы кезде мамандар аралдың 41 “жапырағын” жасауды жоспарлаған. Бірақ 2007 жылы Парсы шығанағында судың деңгейі көтеріліп кеткеннен соң, 41 емес 18 “жапырақты” салу дұрыс деп шешілді.
[caption id="attachment_73077" align="alignright" width="800"] Фото: worldi.ru[/caption] [caption id="attachment_73078" align="aligncenter" width="640"] Фото: img-fotki.yandex.ru[/caption]Жасанды аралдардың ішінде The World архипелагы үлкен танымалдыққа ие. Расында, 300 аралдың біздің планетамызды құрап тұрғанын суреттен көріп, ғашық боласың. Ол әлемдегі әр елдің көшірмесі ретінде жасалған 300 аралдан құралған. Сондай-ақ әр арал өзіне тиесілі мемлекеттің салт-дәстүрімен, тұрмыс-салтымен ерекшеленеді.
[caption id="attachment_73079" align="alignright" width="800"] Фото: worldi.ru[/caption]Жердің кішкентай көшірмесін жасау идеясын Дубайдың беделді тұлғасы шейх Мұхаммед ұсынды. Ал құрылыспен Nakheel компаниясы айналысты. Шетелден бірнеше маман аралдың құрылысына атсалысты. Арал толықтай жергілікті материалдардың арқасында салынды. Оның ішінде аралға қажетті топырақ Парсы шығанағынан алынды.
[caption id="attachment_73080" align="aligncenter" width="640"] Фото: img-fotki.yandex.ru[/caption]The World Дубай жағалауынан 4 км қашықтықта орналасқан. Аралдағы бір вилланың бағасы 20 миллионнан басталады. Ең қымбат тұрғын үйлер 40 миллион доллардың шамасында. Туристерді аралға жаңа үлгідегі паромдар жеткізеді.
[caption id="attachment_73081" align="alignright" width="800"] Фото: worldi.ru[/caption]Дубай аралдарының әсемдігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әр адам оның сұлулығын өз көзімен көруге міндетті. Біріккен Араб Әмірлігіне жол тартсаңыз, міндетті түрде аралдарға барып, рухани және физикалық тұрғыда демалуға кеңес береміз.
[caption id="attachment_73082" align="aligncenter" width="640"] Фото: loveopium.ru[/caption]