Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде күн суық болады

Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде күн суық болады

Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz - Қазақстанның орталық, шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлады Қазгидромет.

Тек батыс, оңтүстік-батыс, солтүстік, солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Жалпы еліміздің аумағында тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, оңтүстік өңірлерде-найзағай, бұршақ, дауыл болжанады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түнде солтүстікте, батыста, таулы аудандарда, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында, әсіресе оңтүстік, таулы аудандарында бұршақ, дауыл, найзағай ойнап, жел 17-22 м/с. дейін күшейеді.

Қарғанды облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында шаңды дауылмен 15-20 м/с жел күшейеді. Ақмола облысының оңтүстігінде тұман болып, түнде облыстың оңтүстігінде – жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, облыстың оңтүстігінде-жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, түнде Атырау облысының батысында – тұман түседі.

Жолда сақ болыңыздар.


Похожие материалы