Дүйсенова: 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қорғау саласындағы төлемдер проактивті түрде жүргізіледі
Нұр-Сұлтан. 16 шілде. 7kun.kz – 2023 жылдан бастап халықты әлеуметтік қорғау саласындағы барлық тағайындаулар мен төлемдер проактивті форматта жүзеге асырылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«15 тамызға дейін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы деректер жаңартылады. 1 қыркүйектен бастап жылдың соңына дейін отбасы цифрлық картасының жұмысы төлемдердің және АӘК-тің 9 түрі бойынша сынақтан өткізіледі. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қорғау саласындағы барлық тағайындаулар мен төлемдер проактивті форматта көрсетілетін болады», – Дүйсенова.
Ведомство отбасының әл-ауқатының деңгейіне қарай әлеуметтік кепілдіктердің барлық түрін жекелендіретін отбасы цифрлық картасын жасау бойынша жұмыс жүргізуде.
Карта республиканың бүкіл халқын қамтиды, яғни 19,4 миллион адам немесе 6,5 миллион отбасы.