Экономика
Дүниежүзілік банк басшысы отставкаға кетті
Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – Дүниежүзілік банк президенті Джим Ен Ким 1 ақпаннан бастап отставкаға кетті. Банк басшысының міндеті атқарушы директор Кристалина Георгиеваға жүктелді, деп хабарлайды РИА Новости.
Ким 2022 жылы аяқталатын өкілеттік мерзіміне дейін лауазымынан кетеді. Ол алты жылдан астам банк президенті болып жұмыс істеді. Отставкаға шығудың ресми себебі - банкирдің экономиканың жеке секторына жұмысқа қайта оралу ниеті.
Джим Ен Ким 2012 жылдың 1 шілдесінде Дүниежүзілік банктің басшысы қызметіне бес жыл мерзімге тағайындалды. 2016-да Ұйымның директорлар кеңесі оны қайта топ президенті етіп сайлады.
Ол өз жетістіктерінің арасында Халықаралық Қайта Құру және даму банкі, сондай -ақ Халықаралық қаржы корпорациясы секілді топтың еншілес бөліктерінің $13 млрд жарғылық капиталын арттырғанын атады. Банктің мақсаты — 2030 жылға қарай планетадағы кедейлікті жою.