Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы жастар корпусын дамытуға 21 млн доллар бөледі

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы жастар корпусын дамытуға 21 млн доллар бөледі

«Дүниежүзілік банкпен жұмыс істеу нәтижесінде бізге 21 763 000 млн доллар көлемінде (7 млрд теңге) қайтарымсыз негіздегі грантқа қол жеткіздік. Бұл гранттың мақсаты - халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жағдай жасау, қоғамға тиімді қызметпен қамтамсыз ету", - деді білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Келісім аясында жастардың жұмыссыз, әлеуметтік жағдайы төмен және мүгедек, халықтын аз қамтылған тобын жұмысқа тарту көзделеді.

«Қазіргі тағда жастар саясаты заң жобасы қабылданды. Еліміздің барлық аймақтарында ресурс орталықтары құрылды. Осы қаржы арқылы орталықтарды жастарға арналған нақты жобалармен толықтыруды жоспарлап отырмыз", - деді министр.

Жастарға арналған жоба үш компонент бойынша жоспарланған және осы арқылы жастар жұмықа орналасып 50-100 мың теңге көлемінде жалақы немесе шәкіртақы ала алады.

Фото: altyn-orda.kz

Похожие материалы